«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Италиядан іскер топ ат шалдырды

2016 жылғы 20 Мамыр
- Астана қаласы
10004 просмотров

Астана қаласында италияндық және қазақстандық бизнесмендердің B2B кездесуі өтті

Екіжақты келіссөздерді Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі Ұлттық агенттігі ұйымдастырды.

Италияндық делегацияны Италиядағы аса ірі банк топтарының бірі – UBI  Banca компаниясы бастап келді. Делегация құрамына, сондай-ақ, қазақстандық жобаларға инвестиция салуға және Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі компаниялар да кірді. Мысалы, Feralpi Group компаниясы болатты құрылыс  пен ғимараттар салуда пайдалану үшін өндіретін еуропалық жетекші өндіруші болып табылады.

«B2B кездесулер барысында қазақстандық компаниялар өздерінің перспективалы жобалары туралы айтты, ал италияндық бизнесмендер инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды. Егер кездесудің қорытындысы жайлы айтатын болсақ, онда бірнеше компаниямен бастапқы уағдаластықтар бар екенін айтып өткім келеді, айталық, отандық компанияның өндірісін жаңғыртуға арналған италияндық құрал-жабдықтарды жеткізу туралы келісім, бұл жұмыс қазір жүргізіліп  жатыр», – деді Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Алмат Жүнісов.

Сонымен, тараптар осы іспетті екіжақты кездесулерді ұйымдастыру қазақстандық және италияндық іскер топтардың ынтымақтастығын нығайтуға ықпал ететініне және қазақстандық бизнесті Италия нарықтарында және керісінше оларды бізде ілгерілетуге көмектесетініне сенім білдірісті.

Италияндық кәсіпкерлердің келесі сапары осы жылдың 23 мамырында болады. Шарап сусындары, кофе, борт тағамы өнімдерін, аяқ киім мен әшекейлер өндірумен, сондай-ақ ауыл шаруашылығын  IT-сүйемелдеумен айналысатын 12 компания өкілдері келеді деп күтілуде. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер