«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кіріс еселене түсті

2016 жылғы 22 Сәуір
- Астана қаласы
8807 просмотров

Астана қ. Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ашылған Консалтингтік агенттік енді өзге де бизнесмендердің дамуына көмек көрсетуде

Өзінің екіжылдық мерейтойы құрметіне «Кәсіпкерлерді қолдау орталығы» консалтингтік агенттігі мерекелік іс-шара ұйымдастырып, оған компанияның басты серіктестері мен клиенттерін, сонымен бірге Астана қ. Кәсіпкерлер палатасының өкілдерін шақырды.

«Мен бизнеспен 17 жасымнан бастап айналысуға бел будым, ол уақытта мен колледждің 3-курсын бітірген едім. Осы жылдар ішінде кәсіпкерліктің түр-түрін игердім, бастапқыда көптеген адамдар секілді саудадан бастадым. Алайда менің арманым адамдар үшін бір ауқымды дүние жасау болды, беретінім көп болып, алатыным аз болса деп ойладым. Сонымен, екі жыл бұрын консалтингтік агенттік құру идеясы пайда болды. Міне, осылайша көмек пен кеңес алу үшін мен Астана қ. Кәсіпкерлер палатасына келіп, одан жан-жақты қолдау таптым. Бүгін біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесін көріп отырсыздар. Кәсіпкерлерді қолдау орталығы 3 мыңнан астам бастаушы және әрекеттегі бизнесмендерге қызмет көрсетті. Біздің құралдардың көмегімен клиенттер жүздеген мың доллар табыс тапты», – деді КҚО негізін салушы әрі жетекшісі Айдар Түлекеев.

Оның айтуынша, осы кезең ішінде орталық ТМД-да танымал бизнес-тренер Андрей Парабеллумның тренингін ұйымдастырып, Мәскеу қаласында өткен Ақпараттық бизнес халықаралық конференцияға қатысуға мүмкіндік алған. Кәсіпкерлер палатасының өкілі Жақсылық Әбдірашев та өз кезегінде бастаушы және әрекеттегі бизнес өкілдерін мемлекет ұсынып отырған кәсіпкерлікті дамыту құралдарымен белсендірек қолдануға шақырды. Оның мәліметінше, қазіргі таңда Астанада «Мың сауда орны» жобасы бойынша өтінімдер қабылдау жүзеге асуда, сонымен бірге стартап-жобаларды қаржыландыру бағдарламасы іске қосылуда.

Балалар және спорт клубының басшысы Ольга Куликованың айтуынша, оның КҚО клиенті болғанына бір жарым жыл болған, осы уақыт аралығында ол консалтингтік агенттіктің түрлі қызметтерін алған.

«КҚО-мен ынтымақтастық орнатқан кезең аралығында біздің компанияда таң қаларлық өзгерістер орын алды. Кірісіміз екі есеге дейін артты. КҚО-на жүгінген кезде біз жабылу алдында тұрған едік, түзету керек тұстарымыз көп болды. Оны қалай істерімізді білмей, дал болдық. Ал қазіргі таңда Кәсіпкерлікті дамыту орталығы мен Астана қ. Кәсіпкерлер палатасы ұсынып отырған құралдарды пайдалана отырып, кеңеюді және бірлесіп Қазақстан бизнесін алға жылжытуды көздеп отырмыз», – деп хабарлады бизнесвумен.

Меркелік іс-шара «Ықпалды адамға қалай айналуға болады? Бас әріппен жазылатын көшбасшылық» деп аталатын Айдар Түлекеевтің авторлық бизнес-семинарымен аяқталды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер