«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Белсенді әйел кәсіпкерлер қатарға қосылып жатыр

2016 жылғы 19 Сәуір
- Астана қаласы
12954 просмотров

Астана қ. Іскер әйелдер кеңесінің құрамы толықты

ІӘК отырысында жаңа мүшелер Салтанат Женалина мен Айжан Мұқатеваның кандидатуралары мақұлданып, бірауыздан қолдау тапты.

Салтанат Женалинаның мамандығы дәрігер, тұрмыс құрған, үш баласы бар. Бұдан бір жыл бұрын ол жұбайымен бірге «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы субсидия алудың арқасында емхана ашқан. Емхана бүгінгі күні созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар адамдарға қан тазарту қызметтерін көрсетуде.

Айжан Мұқатаева – экономист, заңгер, Кореядағы Мемлекеттік саясат және басқару мектебінде білім алған, мемлекеттік саясат магистрі. Бүгінгі күні «Ингресс» ЖШС директоры. Фирма қағаз стақандар, мақта-мата қолғаптарын шығарумен және құрылыс-монтаж жұмыстары саласында қызметтер көрсетумен айналысады.

«Біз Іскер әйелдер кеңесінің жаңа мүшелеріне қош келдіңіздер дейміз. Біздің ынтымақтастық жемісті болады деп сенеміз», – деді Астана қ. Кәсіпкерлер палатасының ІӘК төрағасы Бағила Бисембаева.

Сонымен бірге, отырыс барысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі бойынша балабақшалар құрылысының жобасы талқыланды. Кеңес мүшелері бизнес-қоғамдастықтарды тарту және МЖС жобаларын таныту мақсатында өз компаниялары аясында түсіндіру жұмыстарын өткізу туралы келісті.

Кеңес мүшелері 8-наурыз қарсаңында әйелдер арасындағы жұмысшы мамандықтарды таныту мақсатында өткізілген акцияны қорытындылады. Мереке алдында Кеңес мүшелері  «Женщины. Восток – Запад» атты журналға ел астанасындағы қарапайым еңбек әйелдері туралы жарияланымдар сериясын шығаруды ұйымдастырған еді. Олар үшін халықаралық әйелдер күні қарсаңында журнал беттеріне шығу маңызды сыйлық болды. Сонымен бірге журнал кейіпкерлерінің суреті астана билбордтарында екі апта бойы ілініп тұрды.

«Аз уақыттың ішінде осы идеяны іске асыруға көмек қолын созған Іскер әйелдер кеңесінің барлық мүшелеріне алғыс айтамын. Акция журнал оқырмандары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Болашақта да еңбек адамының дәрежесін арттыру үшін осыған ұқсас шараларды өткізіп отыру қажет деп санаймын», – деді ІӘК мүшесі, «Женщины. Восток – Запад» журналының бас редакторы Қарлығаш Темірханова.

Отырыс Жеңіс күнінен арнап бағдарламалар мен іс-шаралар даярлау және қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелер бойынша «дөңгелек үстел» өткізуді талқылаумен жалғасты. Кеңес мүшелері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету аясында көмек беру, сыйлықтар табыстау және өзге де әлеуметтік шаралар өткізудің толық жоспарын жасау мақсатында үш адамнан тұратын жұмыс тобын, сонымен бірге «дөңгелек үстелді» ұйымдастырумен айналысатын тағы бір жұмыс тобын құруды жөн деп тапты.

«Алда «Экспо – 2017» халықаралық көрмесі келе жатыр, бұл біздің елдің және Астананың жетістіктерін, астананы халықаралық аренаға таныстырудың бірегей мүмкіндігі. Сондықтан көрсетілетін қызметтердің әлемдік стандарттарға сай болуы маңызды болып тұр. Сол үшін кемшін тұстарды анықтап, оларды болдырмауымыз қажет», – деді Бағила Бисембаева. Еске салсақ, Астана қ. Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі жаңадан кәсіп бастаған бизнесвумендерге іс жүзінде көмек беру, сонымен бірге астананың әйел кәсіпкерлерінің экономикалық белсенділігін ынталандыру мақсатында бір жыл бұрын құрылған-ды. Бүгінгі күні оның құрамында 24 бизнес-ханым бар. ІӘК қақорлығымен үйрету тренингтері, семинарлар, өңірлерді, қалалар мен кәсіпорындарды экономикалық дамытудың анағұрлым тиімді тәсілдері бойынша кәсіби әйел кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу жүзеге асады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер