«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ашық диалог

2016 жылғы 15 Сәуір
- Астана қаласы
10686 просмотров

ҚР Мемлекеттік қызмет министрлігінің департамент өкілдері күні бойы Астана қаласында тұрғындар мен кәсіпкерлердің сауалдарына жауап берді

Астана қаласындағы Кәсіпкерлер палатасы астаналық кәсіпкерлер үшін қоғамдық қабылдау ұйымдастырды.

Барлық сауалдар бойынша жауапты Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Гүлнұр Сәменқұлова, жемқорлықтың алдын алу бөлімінің бас маманы Роман Ким,аты аталған департамент басшысы Тілеген Қаскин берді.

Бұл кездесудің маңызды екенін түсінген халық өзекті сауалдарын жолдады. Әсіресе, мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, жемқорлықтан сақтандыру сынды тақырыптар қамтылды. Оған қоса Астана қаласы бойынша Департамент мемлекеттік кіріске деп салатын қосымша құн салығы хақында да сұрақтар қойылды. 2011-2012 жылдар аралығында кедендік тазалау кезінде төленбеген жағдайлар туралы сұрақтар айтылды. Мемлекеттік сатып алу кезінде электронды порталдың жұмысы үзіліп қала беретіні де сөз болды. Қаланың қоғамдық кеңесінің жұмысын жариялау мен ұстанымдарын көрсету туралы да сауалдар айтылды.

Сарапшылар әр сұраққа толыққанды жауап беруге тырысты. Сұрағы тым ауқымды болған азаматтардың сауалдарын өтініш ретінде қабылдап, ары қарай қарастыруға жолдады. 

«Осындай диалогтар кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасында ашық әңгімелесуге, мәселені бетпе бет шешуге, кей сұрақтарды тиімді реттеуге септігі тиетіндігіне сенеміз.

Сондықтан да Астана қаласындағы кәсіпкерлер палатасы азаматтардың қоғамдық кездесуін ұйымдастыру туралы өтінішіне белсенді атсалысты. Бүгін айтылған сұрақтардың барлығы келешекте бір шешімін табады деген ойдамыз», – деді директордың құқықтық мәселелер бойынша орынбасары. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер