«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астананың колледждерінің таныстырылымы

2016 жылғы 05 Сәуір
- Астана қаласы
9919 просмотров

Астана қаласындағы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары «Мамандығым туралы айтамын» атты жыл сайынғы астаналық колледждер таныстырылымына қатысты

Бұл шара түлектердің болашақ мамандығын таңдауға көмектесу мақсатында жүзеге асырылады.

«Қаржы колледжі» АҚ негізінде оқу ордаларының таныстырылуы төрт бағыт бойынша өткізілді: Экономикалық-құқықтық, гуманитарлық; техникалық, құрылыс, байланыс пен көлік; қызмет көрсету, дизайн, өнім технологиясы және медицина. Астана қаласындағы 33 колледждің 21-і өз таныстыруын 12 мектептен келген 160 түлекке арнады. 

«Жыл сайын астанадағы колледждерге 8 мың оқушы түседі. Астаналық кәсіпкерлер палатасының көмектесуімен біздің студенттер білім алып, қаланың ірі кәсіпорындарында өндірісте тәжірибе жинақтауға қолы жетті. «Қаржы коледжі» АҚ бүгінгі таңда осы мақсатта әлеуметтік серіктестерімен 38 келісімге қол жеткізді. Кейбір компаниялар түлектерді өздеріне жұмысқа алып қалады. Мәселен, «Главбух» ЖШС-інде Қаржы колледжінің 8 оқушысы тәжірибе өтіп жатыр. Сол фирманың басшысы бесеуіне жұмыс тауып береміз деп отыр. Мұндайды естіп қуанамыз», – дейді «Қаржы колледжі» АҚ директоры Ләззат Шаяндина.

Адам капиталын дамыту бөлімінің сарапшысы Болат Нұрпейісов Астана өңірлік кәсіпкерлер палатасы студенттерді Астанада дуалды оқыту жүйесі дойынша 17 колледж арасында төртжақты келісімге қол жеткізгенін айтты. 27 кәсіпорын мен әкімдіктің білім басқармасының келісімі арқасында 19 мамандық бойынша 1141 студент оқып жатыр.

Өңірлік палата сарапшылары  заманауи кәсіптік стандарттарды жасауға қатысады. Оларды одан ары қарай қалалық оқу ордаларындағы білім беру бағдарламасына кіріктіруге атсалысады. Астаналық кәсіпорындарға жетіспейтін кадрларды анықтап отырады. Жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп азаматтарды жұмыспен қамтуға тырысады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі таңда колледж түлектерінің жұмыспен қамтылуы 82%-ды құрап отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер