«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тәуекелдер тең бөліске түседі

2016 жылғы 16 Наурыз
- Астана қаласы
12482 просмотров

Балабақшалардың құрылысы бойынша МЖС жобаларын іске асыру мәселелері мұқият қарауды қажет етеді

Бұл туралы Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің отырысында баян етілді. Жиынға Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов, сондай-ақ «Қазақстандық МЖС орталығы» АҚ, қаланың білім беру басқармасы мен экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының, «МЖС дамыту компаниясы» ЖШС мен «Астана Innovations» АҚ өкілдері мен басшылары қатысты.

«Қазақстандық МЖС орталығы» АҚ басқарушы директоры Айдос Көбесовтің айтуынша, заңнамадағы соңғы өзгерістердің арқасында МЖС механизмінде жаңа мүмкіндіктер пайда болған. Бүгінгі таңда түрлі салаларда, оның ішінде мектепке дейінгі білім беру саласында 10 типтік жоба жасалуда. Кәсіпкерлер пікірін есепке ала отырып типтік құжаттарды (концепциялар, байқау құжаттары, шарт жобалары)  жасау жүзеге асуда. Пікірлер ұқсас кездесулер барысында анықталады. «Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес МЖС механизмінде «тікелей келіссөздер» немесе жеке қаржылық бастама деп аталатын жаңа түсінік пайда болған. Бұған дейін Концессия туралы заң аясында МЖС-нің барлық жобалары мемлекет бастамасымен жүзеге асатын. Жаңа механизм арқылы бизнес өз меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жалға алып отырған нысанына қатысты жоба бастамашысы болуға мүмкіндік алады.  Бұл меншігінде жер телімі бар немесе оны жалға алып отырған, сонымен бірге жылжымайтын мүлкі бар адамдарға өте ыңғайлы. Сіз өзіңіздің бірегей жобаңызды МЖС арқылы іске асыруға мүмкіндік аласыз. Бұдан басқа жеке меншік әріптес бастамасымен қолға алынған жоба бұл салада өзге бәсекелестер болмаған жағдайда байқаусыз-ақ іске аса алады, – деп түсіндіріп берді Айдос Көбесов.

Сондай-ақ ол МЖС жобаларын іске асыру кезінде туындайтын тәуекелдерді мемлекет пен жеке меншік серіктес өзара теңдей бөліп алатынын айтты. Мәселен, құрылыс кезіндегі тәуекелді жеке меншік серіктес өз мойнына алса, мемлекет пайдалану кезеңіндегі тәуекелдердің жүгін көтеретін болады.

Айдос Көбесов ұсынған ақпараттарға сенсек, МЖС жобасына келісім алу процедурасы тұтастай алғанда 9 айға дейін созылуы мүмкін. «Жеке меншік серіктес МЖС жобаларына қатысқаннан не табады? Ең алдымен мемлекет жеке меншік серіктеске МЖС шартында белгіленген мерзімдер мен көлемде нысан құрылысына кеткен инвестициялық шығындарды 6 ай бойы толықтай өтеп береді. Бұдан бөлек мектепке дейінгі тәрбие беру мен тәрбиелендірушілерді оқытуды жан басына қаржыландыру мен ата-аналардың тамақ төлемін өз ішіне қамтитын тұтыну кепілдігін ұсынады. Ал мемлекет үшін МЖС механизмі әлеуметтік маңызы зор жобаларды мерзімі ұзартылған төлемдер арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. МЖС механизмі квазимемлекеттік сектор – мемлекетке қатысы бар заңды тұлғалар үшін де жарамды болуы аса маңызды», – деді ол.

Талқылау барысында кездесу қатысушылары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизміне қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын жеткізді. Кездесуді қорытындылай келе, астаналық Палатаның Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Бағила Бейсембаева Астана кәсіпкер әйелдері МЖС арқылы балабақшалар салу жобаларына қызығушылық танытып отырғанын айтты. «Мәселе егжей-тегжейлі әрі мұқият зерттеуді қажет ететінін түсініп отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, әйелдер көбінесе шағын және орта бизнесте жұмыс істейді, ал бұл жобалар оған қарағанда ауқымдырақ. Сондықтан әріптестікті бастамас бұрын, барлығын мұқият зерделеуіміз керек», – деді Бағила Бейсембаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер