«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жер алыпсатарлық заты ретінде

2015 жылғы 03 Шілде
- Астана қаласы
10787 просмотров

Жер телімдері бойынша аукцион – елодарлық бизнесмендер назарында

Елордалық кәсіпкерлер жер телімдері бойынша аукционға белсенді түрде қатыспақшы. Осы жылдың мамыр айында елордалық әкімдіктің 88 жер телімін аукционға шығарғанын еске саламыз.

Жер телімдері қаланың, 2015-2017 жылдарға арналған Елорданы дамытудың Бас жоспарына сәйкес, магистралдық инженерлік желілерді қамтамасыз етумен игеруге тиесілі аудандарында орналасқан. Телімдер шағын және орта бизнесті дамыту үшін беріледі.

Осыған орай Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасына бизнес-қоғамдастық өкілдерінен саудаға қатысу ережелерін түсіндіру бойынша өтініштер келе бастады. Келіп жатқан мәселелердің өзектілігін ескере отырып, елордалық Палата кәсіпкерлердің Мемлекеттік сатып алу басқармасы және жер қатынастары басқармасы өкілдерімен сұхбат алаңын ұйымдастырды.

Кәсіпкерлерге іс-шара аясында жерді және жер телімдерін жалға алу құқығын сату бойынша сауда жүргізу процедурасы түсіндірілді. Сонымен қатар жер телімдерін жалдауға құқықты сатудың бастапқы бағасының мөлшері белгіленген тәртіпте анықталатыны аталып өтті.

Өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы нысандар мен уақытша нысандар орналастыруды жобалау және салуға арналған жер телімдерін жалдау құқығын сату жөніндегі аукционның бірінші кезеңі маусым айының басында өтті.

Астана қаласы мемлекеттік сатып алулар басқармасының өкілдері хабарлағандай, аукционда сатуға қойылған 21 телімнен 18 телім сатылды, қатысуға барлығы 114 өтінім қабылданды. Ойналмаған үш лот келесі аукционға өтеді. Аукцион ағылшын әдісімен өтті. Ол бойынша лоттың бастапқы бағасы ең жоғары баға ұсынған бір қатысушы қалған сәтке дейін ертерек хабарланған қадаммен көтеріледі. Аукционға қадам 5-10%-дан басталады. Саудаға барлығы 120 жер телімі қойлады деп күтілуде.

«Сонмен бірге жер телімдері аукционнан тыс берілетін айрықша жағдайлар да көрсетілген. Бұл магистралдық және коммуналдық желілер құрылысына бөлінген мемлекеттік бағдарламаларға кіретін стратегиялық нысандар. Яғни коммерциялық сипатты көздемейтіндер», - деп баса көрсетті Жер қатынастары басқармасы жер кадастры бөлімінің басшысы Шыңғыс Бектемір. Мемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерлерге қазірде саудаға осында сатып алған жер телімдерін алыпсатар риелторлар да қатысатын жағдайлардың жиілеп кеткені жайлы да ескертті. Сәйкесінше, олардың барлығы «қара тізімге» ілігіп, келесі аукционға жіберілмейді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер