«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандық кәсіпкерлер Миланды бағындырды

2015 жылғы 02 Шілде
- Астана қаласы
12292 просмотров

Елордалық Кәсіпкерлер палатасы Қазақстанның Сыртқы сауда палатасымен бірге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сапары аясында қазақстандық 30 кәсіпкердің Миланға іскерлік сапарын ұйымдастырды. Кәсіпкерлер Милан қаласындағы «EXPO Milano-2015» «Азық-түлік қауіпсіздігі» халықаралық көрмесіне барып, Қазақстан-Италия-Сан-Марино үш жақты бизнес-форумына қатысты.   

Екі ел бизнесмендерінің «В2В» форматындағы іскерлік кездесулері нәтижесінде отындық кәсіпкерлер италиялық компаниялармен тікелей байланыстар әрі ынтықмақтастық орнатты, сонымен қатар италиялықтар назарына өздерінің инвестициялық және бизнес жобаларын ұсынды. 

Италиялық көздердің ресми деректері бойынша, форумда шамамен 500 миллион долларға жуық сомадағы 20 құжатқа қол қойылды.

Атап айтқанда, «АРМ Инвест» ЖШС италиялық Luxars компаниясымен Қазақстанның мұнай саласын бірлескен инвестициялау жобасы бойынша алдын-ала келіссөздер жүргізді, италиялық «Proaudio Consuting» компаниясымен «Астана Арена» стадионы үшін акустикалық жабдық алу бойынша мәміле жасалды.  Италиялықтар үшін «Қазақтелеком» АҚ және «Kegoc» АҚ компанияларымен телекоммуникация саласында өзара бизнес жүргізу тартымды болып отыр.

Отандық «Bereke Nursultan» ЖШС Астана және Шымкент қалаларында балмұздақ өндірісі үшін жабдық сатып алу жөніндегі келіміге қол жеткізді. Италиялық флористика саласындағы «Fior d’acqua» компаниясы қазақстандық «Natali Dekor» компаниясымен арнайы ыдыстарда гүлдерді бір айға дейін сақтайтын жабдықтардың бірегей желісін сатып алу бойынша келісімге қол қойды.

Маңғыстау облысындағы Dekmy, Ulino, Millo брендтерімен экологиялық таза сүт өндіретін сүт компаниясы «Millina Food Production Company» ЖШС италиялықтармен мамандандырылған жабдық желісін сатып алу бойынша жасалуы мүмкін келісім жайлы келіссөз жүргізді.

Отандық компания "Aigul Line" ЖШС Италияның тоқыма өнеркәсібі өндрістік компанияларына бару аясында Италияның Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығымен киізден жасалған бұйымдар өндірісін жөнге салу мәніне келісім жасасты.

"Status Building" ЖШС Италия нарығына жарық-диодты энергия үнемдеуші өнім экспорттауға екі келісімге қол қойды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер