«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада «Мобильді сарапшы» жобасы бастау алды

2015 жылғы 05 Маусым
- Астана қаласы
16068 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен елордада «Мобильді сарапшы» жаңа жобасы бастау алды

Жоба мақсаты қоғамдық тамақтану нысандарының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізу болып табылады. Сараптау топтарының құрамына «Атамекен» ҚР ҰКП Сауда комитеті хатшылығының мамандары, елордалық Палата сарапшылары, тәжірибелі рестораторлар, технологтар, сондай-ақ Қазақстанның Сауда кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері кіреді.

Іс-шараны өткізуге Астанадағы қоғамдық тамақтану орындарында болған жаппай улану оқиғалары негіз болып отыр. Жобаның басты ерекшелігі қоғамдық тамақтану нысандарының қызметін жақсарту үшін ұсыныстар беру болып табылады. Пилоттық жобаны ұйымдастырушылар бұл әрекетті барлық қоғамдық тамақтану жүйесінің қызметін оңтайландыру бойынша жаңа тиімді ұстаным деп есептейді.

Елордалық қоғамдық тамақтану орындарының ішінен ең бірінші «На крыше» мейрамханасына ат басы бұрылды. Мейрамхананың ортақ иесі танымал креативті ресторатор Гурген Басенцян болып табылады.

Ресторатор жобаға қатысуға ерекше құлшыныспен келісіп, бас сарапшы-консультант атанды. Гурген Палата сарапшыларымен бірге қоғамдық тамақтану нысандарына тексеріс жүргізу бойынша нұсқаулық жасап шықты.

Комиссия көруге барғанда мекемедегі санитарлық нормалар мен талаптардың сақталуын жоғары бағалады. 

«Кез келген жерде тәртіп сақтау маңызды. Бұл қоғамдық тамақтану саласындағы негізгі мызғымайтын ереже», - деп есептейді Гурген Басенцян.

Сарапшының ойынша, Қазақстанда мейрамхана бизнесінде басты тұлға болып табылатын жоғары білікті басқарушылардың тапшылығы байқалады.

«Басқарушы қызметкерлерді оқыту, олардың деңгейі мен біліктілігін көтеру кем дегенде қала әкімшілігі деңгейінде қолдау табуға тиіс. Алдымызда «Экспо-2017» көрмесін өткізу тұр және біз елорданың ғана емес, бүкіл елдің жағымды бет-бейнесін нығайту үшін, жан-жақты дайындалуға тиіспіз», - деп есептейді ресторатор.

Бұл кәсіпкерлерден тұратын комиссияның алғаш барған нысаны екенін атап өту керек. Осының нәтижесінде сарапшылар алдын ала талдау жүргізіп, жобаның барлық жақсы да жаман жақтарын безбендейді, алға қойылған мақсаттар мен міндеттердің тиімділігіне баға береді.

Жоба аясында Астана қаласының қоғамдық тамақтану нысандарында сараптамалық баға беруді жүргізу жоспарланып отыр («Лакки», «PUB Триумф Астаны», «Кавказская пленница», «Mumtaz», «Contine»).

Өңірлік кәсіпкерлер палаталарына Астана ұсынған алгоритм бойынша республика облыстарында мейрамхана, дәмхана, асханаларға сараптамалық бағалауды өткізу ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер