«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

"Ерлікке тағзым" әлеуметтік акциясы

2015 жылғы 20 Сәуір
- Астана қаласы
22156 просмотров

Елорда бизнес-қоғамдастығы Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған ірі көлемдегі «Ерлікке тағзым» республикалық әлеуметтік жобасының эстафетасын кезекпен жалғастыруда. Акцияға ірі медициналық компания «Медикер» ЖШС қосылды.

«Медикер» ЖШС 2000 жылы құрылған. Компания Қазақстанның күллі аумағында еркін медициналық сақтандыру, ақылы медициналық қызметті ұйымдастыру, дәріханалық сауда, амбулаториялық-поликлиникалық және стационарлық көмек көрсету сияқты көптеген медициналық қызметтерді ұсынады.

Клиникаларда шақыруларға қызмет көрсету бойынша тәулік бойғы бригадалар бар, тасымалдауда медициналық алып жүру ұсынылады, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіледі, заманауи жабдықтарды және зерттеу әдістемелерін қолданумен профилактикалық тексерулер жүргізіледі, екпе жасалады, дәрі-дәрмекпен қамсыздандыру және т.б.

«Медикер» ЖШС-да алғаш болып Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жүнісбек Кәрімов, Николай Глазков және Раиса Максименко тексеруден өтті. Майдангерлердің орташа жасы – 93 жас. Қарттарға тегін тексерулермен бірге барлық медициналық қызмет түрлері ұсынылды.

«Медикер» ЖШС еңбек ұжымы «Ерлікке тағзым» науқанына мұқият дайындалыпты. «Медикерлықтар» медициналық процедураларды өткізгеннен кейін ардагерлерге гүлдер мен естелік сыйлықтар табыстады. Ардагерлер науқанды ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірісіп, мемлекеттің ғана емес, елдегі барлық қайырымды азаматтардың қамқорлығы мен қолдауын сезініп отырғандарын атап өтті.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер