«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: Бәсекені жасанды түрде қолдауға болмайды!

2015 жылғы 07 Сәуір
- Астана қаласы
11428 просмотров

Бәсекені мемлекет тарапынан болатын тұрақты қаражатпен қолдауға болмайды. Дотация мен субсидия – бұл уақытша шаралар. «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев бүгін Астанада өткен конференцияда бизнесмендерге осылай деп ескертті.

«Мәселені бір бағдарламамен шешу мүмкін емес. Мұнда қызметкерлерді даярлау да, заңнаманы жетілдіру де, индустриялық аймақты пайдалану тәжірибесі де бар. Біздің бәсекеге қабілеттілігімізге жасанды жолмен қолдау көрсетілуі мүмкін еместігін көріп отырмыз. Үнемі дотация және субсидиялармен. Қазірде бұл шаралардың барлығы да уақытша. Иә, түрлі мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша да, ШОБ үшін Даму қоры бойынша да, ҚДБ арқылы да, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы да мемлекеттің қаражаты баршылық. Бұның барлығы қазақстандық кәсіпорындардың қысылтаяң кезеңнен өтуіне сеп болады. Алайда басты міндетті де ұмытпаңыздар! Қысқа мерзімдік кезеңде экономиканың шикізаттық емес секторларын дамыту қажет. Бұл секторлар бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Өзіміздің технологиялық мешеулігімізді сол күйінде қалдыруға және технологиялық жағынан алдыңғы лектен орын алмайтын көрінеу заманнан қалып қойған кәсіпорындарды құруға тиіс емеспіз», - деп мәлімдеді Тимур Құлыбаев.

ҰКП басшысы бизнесмендерге сонымен қатар қазіргі таңғы экономикалық ахуалдан көріп отырған басымдылықтар жайын да жеткізді. Әлемдік нарықтардағы құбылмалылық, Ресейге қатысты Батыстың санкциялық саясаты және ресейлік рубль бағамының құлдырауы, оның ойынша, бос қарап отыруға сылтау емес. Дәл осы дағдарыс кезінде бизнестің белсенгені дұрыс.

"Қазірде ЕАЭО аясында басымдылықтар баршылық. Ресейге қатысты санкциялар Ресейге көлемді инвестициялардың келуіне қарсы әрекет етіп отыр. Ал бұл Қазақстан үшін қандай да бір мүмкіндіктер терезесі. Бұл жерде біздің, кәсіпкерлердің, бұл мәселені «жүгендеуіміз» қажет. Және де кәсіпорындарымызды жетілдірумен және жаңаларын құрумен айналысуымыз қажет", - деп мәлімдеді Тимур Құлыбаев.

Кәсіпкерлермен конференция барысында ҰКП басшысы жұмыстың басымдылықты бағыттарын белгіледі. Оның ойынша, бүгінде индустриялық аймаққа назар аударған дұрыс. «Сол жерді тәртіпке келтіру керек», - деп мәлімдеді бұған қатысты Тимур Құлыбаев. 

"Бәрібір мұндай индустриялық парктер шағын бизнес үшін қала ішінде де қажет. Егер оларға бөлмелерді жалға беретін болсақ, онда өндірісін орналастыра алады. Үшіншіден, қазір мемлекеттік сатып алулар бойынша мәселелер көп айтылды. Мемлекеттік сатып алулар мен мемлекеттік сыңайлы сектордың сатып алулары – бұл 9 трлн. теңге. Және де біз мұның ШОБ дамуына қозғалтқыш болатынын түсінеміз. Бүгінде білім беру саласына да қатысып жүрміз. Білім берудің дуалдық жүйесі бойынша барлық кәсіпкерлердің әрқайсысы 3-4 колледжден қамқорлыққа алғандарын және қызметкерлерді даярлау жағынан жұмыс жасап жатқанын білесіздер. Және де осыған қосылуларыңызға болады", - деп мәлімдеді Тимур Құлыбаев.

ҰКП басшысы бүгінде индустриялық бағдарлама аясындағы мега-жобаларға Инвестициялар және даму жөніндегі министрлік жетекшілік ететінін атады. Ал ШОБ-қа тікелей қатысы бар Өңірлік даму карталарымен жұмысты Ұлттық палата әкімдіктермен бірге жасайтын болды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер