«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: Астана бизнес пен билік үшін сұхбат алаңына айналуға тиіс

2015 жылғы 07 Сәуір
- Астана қаласы
11232 просмотров

Кәсіпкерлердің түрлі көлемдегі түйткілдерін қашан да сұхбат процесінде шешуге болады. Бастысы, ол үшін қуатты алаң құру. Және де бизнес пен билік арасындағы мұндай сұхбатты бірінші кезекте дәл осы елордада жөнге салу қажет. «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев бұл туралы бүгін Астанада өткен кәсіпкерлер конференциясының барысында мәлімдеді.

«Көптеген мәселелер сұхбат көмегімен шешіледі. Елордада мұндай жиналысты жылына екі рет өткізіп отыратын шығармыз. Мәселелер жыл бойы жиналып қалмас үшін, әкімдікпен келісейік, сосын оларды жедел тәртіпте шешетін боламыз. Алдағы кезеңге қойылатын міндет қарапайым. Қазір байқап жүрген мұнай бағасының төмендеуі және Ресейге қатысты ықпалшаралар – экономикадағы жағымсыз құбылыстар. Сонымен қатар, бизнесіміз ЕАЭО аясында да бәсекелесуі қажет. Бүгінде бизнестің алдымызға қойып отырған мәселелері - бұл, ең алдымен, мемлекеттік сатып алу. Жақын арада «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-мен келісім жасасамыз. Және де ҰКП мемлекеттік сатып алулар мен ұлттық компаниялар сатып алулары процесінде бизнес мүддесін танытуға белсене қатысатын болады», - деп атады жиналыс кезінде Тимур Құлыбаев.

ҰКП ұзақ мерзімдік келісім-шарттарды жасасуды жақтайды. Сонда бизнес өнім өткізілуін қамтамасыз етеді және өз өндірісін жетілдіре алады. Бизнес үшін қуатты қозғалтқышқа айналатын тағы бір құрал – индустриялық бағдарлама. Бүгін Тимур Құлыбаев елордалық кәсіпкерлерге ҰКП кез-келген деңгейдегі мемлекеттік органдармен және қаржы институттарымен келісу процедурасы бойынша іріктеу елеуішінен өтетін кәсіпорындарға көмектесу міндеттемесін мойнына алатынын ескерте кетті.

«Өңірлік даму карталары – бұл ҰКП қызметінің басты басымдылығы. Біз өз өндірісін жетілдіруге және жаңа кәсіпорындар құруға бел буған кәсіпкерлерге сервистік қолдау көрсетеміз», - деп мәлімдеді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы.

Конференция барысында Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков елордалық бизнеске қойылатын талаптардың жайын сөз қылды. Ол ҰКП басшылығына, өз ойынша, азаматтардың заңгерлік сауатсыздығын пайдаланып кетіп жүрген арамза салушыларға ықпал етуді сұрап жүгінді. Елордалық әкімдік қызметкерлері осындай салушылардың толық тізімін жариялады.

«Бүгінгі таңда лицензиясыз жұмыс жасап, тұрғын үй сататын бірқатар арамза салушыларды көріп жүрміз. Аталмыш мәселеге Астана Кәсіпкерлер палатасын тартқымыз келеді. Мұндай арамза салушы кәсіпкерлер белгілі бір дәрежеде беделді түсіріп, азаматтардың әлеуметтік наразылығы өсуіне жағдай жасайды. Өз еріктерімен салуды бастайды, құрылысты жүргізеді, ақша жинайды да, сосын өз міндеттемелерін орындай алмай қалады. Азаматтардың экономикалық мүдделеріне нұқсан келіп, олар кейін сотқа жүгінуге мәжбүр болады», - деп мәлімдеді қала әкімі.

Елордалық қала басшысы бизнесмендерді сонымен қатар өзіне деген талапты арттыруға және қоғамдық тамақтану мекемелерінде жаппай улану оқиғаларына жол бермеуге шақырды. ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев кәсіпкерлерге деген мұндай талаптарды қуаттады. 

«Алдымызда сонымен бірге қаланы үлгілі ету міндеті тұр. Бұл міндет бизнесмендерге де ортақ. Билік пен бизнес әрекеттестігі үлгісін дәл осы Астанада жасап шығуға тиіспіз. Біз сипаттап берген мәселелер тобын елордалық бизнес шешуге тиіс. Сіздердің ұсыныстарыңызды қолдаймыз», - деп мәлімдеді Тимур Құлыбаев.

Астана кәсіпкерлерімен болған жиналыс барысында елордалық қала басшысы сондай-ақ қомақты статистикамен де бөлісті. Анықталып отырғандай, Астанада бүгінгі таңда 60 мыңға жуық кәсіпкер жұмыс жасайды екен. Ал жұмысқа қабілетті азаматтардың жартысы осы бизнес саласында еңбек етеді. 

«2014 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша ғана 2,3 трлн. теңге сомасына тауар шығарылған. Демек, ішкі өңірлік өнімдегі ШОБ үлесі 65 % астам мөлшерді құрап отыр. Астана ауыр өнеркәсіптік әлеуетке емес, жоғары инновациялық құрамдастардан тұратын осы серпінді шағын және орта бизнеске бағдарланған қала екенін атап өту керек», - деді елорда әкімі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер