«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда жасалған: елордалық құбыр зауытындағы бір күн

2015 жылғы 25 Ақпан
- Астана қаласы
12813 просмотров

Астана қаласындағы «Қазақстан құбыр зауыты» ЖШС – бүгінгі таңда жылу, су және газбен жабдықтау жүйелерінде қолдануға арналған құбыр өндіру жөніндегі алғашқы және ірі кәсіпорын. «Қазақстанда жасалған» науқаны аясында astana.kz түсірілім тобы осы кәсіпорында болып қайтты. 

Құбыр зауыты 2005 жылы ашылған. Фирманың бас директоры Ербол Жұмағалиевтің айтуынша, зауыт жылына 500 шақырым құбыр өнімін өндіріп, Қазақстандағы жылу, су және газбен жабдықтау желілерін қалпына келтірумен айналысатын барлық коммуналдық кәсіпорындарды қамтамасыз етеді.

«Қазақстан құбыр зауыты» ЖШС бас директоры Ербол Жұмағалиев: «Біз Қазақстанға арналған кәсіпорын ретінде әрі қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық сектор қажеттілігіне құрылғанбыз. Және де бұл өзін ақтап отыр, себебі жөндеуді қажет ететін тозығы жеткен желілер көлемі жөнінен бізге де, басқа кәсіпорындарға да жетеді. Біздің кәсіпорын импорттың орнын ауыстырудың және инновациялық дамудың айқын белгісіне айналып отыр. Осыдан кейін су құбырлары, газға арналған, және де кәсіпорындарға арналған арнайы нысанадағы құбырлар игерілді».

Кәсіпорын жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, газ және мұнай құбырларына арналған жүйелерде жаңа инженерлік желілерді жобалау үшін де, қолданыстағыларды жетілдіру үшін де сапалы жүйелік шешімдерді дайындауға маманданған. Соңғы кездері елордада айырбасталған құбырлардың барлығын дерлік осы компания ұсынып отыр.

Қазірде зауытта маусымға қарай 350-400 адам еңбек етеді. Жұмыстың көп бөлігі жылдың жазғы мезгіліне келеді, себебі осы кезеңде тапсырыс көптеп түседі. 250-ге жуық адам – бұл жұмысшы персонал, ал шамамен 100 адам – инженерлер.

Барлық техника зауытқа Финляндиядан әкелінді, ол жаққа кәсіпорынның көптеген жұмысшылары оқуға барып келген болатын. Компания қызметкерлері жыл сайын Финляндияда біліктіліктерін арттырады, ал келген соң әріптестерімен алған тәжірибесімен бөлісу үшін, тренингтер мен семинарлар өткізеді.

Қазақстан құбыр зауытының директоры Ербол Жұмағалиев кәсіпорындағы жұмысшы кадрлар жетіспеушілігін атап өтті. Зауыт осы түйткілмен күресу жолында студенттердің кәсіпорында өндірістік іс-тәжірибеден өтуі үшін жергілікті университеттермен шарттар жасасады. Сөйтіп, жыл сайын осы бағдарламаның арқасында шамамен 5 студент құбыр зауытында жұмыс жасауға қалады.

«Қазақстан құбыр зауыты» ЖШС бас директоры Ербол Жұмағалиев атап өткендей, жобалық қуаттылықты ұлғайту жоспарлануда. Елордалық әкімдік кәсіпорынға жер бөліп берді, онда екі жыл бойында күллі өндіріс шоғырландырылады. Жаңа орында қосымша шығын-шығыстарды төмендету күтіліп отыр. Сонымен бірге, зауыт үшін негізгі шикізат түріне айналатын болат құбырларды өндіру жоспарлануда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер