«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан мен Ресейдің бизнес омбудсмендері ауылшаруашылық техникасын жеткізу мәселесін шешті

2018 жылғы 21 Мамыр
- Солтүстік Қазақстан облысы
7504 просмотров

Екі ел бизнес-омбудсмендерінің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында «КАМЕТЕХ» ЖШС жүкті уақытында жеткізді

Мамыр айындағы мерекелер қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер бойынша директорының орынбасары Жеңіс Қазиевке «КАМЕТЕХ» ЖШС-нің директоры Айгүл Шұрманбаева жүгінді. Кәсіпкер Рязань облысының аумағында «Versatile-460» тракторларын тиеген жүк көліктерінің жүріп өтуіне арнайы рұқсат алуға көмек көрсетуді сұрады.

Компания Петропавловск қаласында 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді және қазіргі заманғы импорттық және ресейлік жабдықтар мен қосалқы бөлшектердің негізгі жеткізушілерінің бірі болып табылады.

«Келісімге сәйкес «КАМЕТЕХ» лизингтік компания «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на 2 дана «Versatile-460»  тракторын жеткізіп беруге тиіс болатын. Ресей Федерациясының аумағында ірі көлемді жүктерді тасымалдау үшін арнайы рұқсат ала алмаған кезде қиындық туындады. Рязан облысындағы су тасқыны оқиғасынан кейін ауыр арнайы техниканың жүруі шектелген болатын, бірақ дәл сол уақытта су тасқынына қатысты жағдай аяқталған еді. Тиісінше, шектеу алынып тасталғаны туралы растау мен оны арнайы рұқсатқа енгізу қажет болды», - дейді СҚО бойынша КП директорының орынбасары Жеңіс Қазиев.

Бұл мәселені шешу үшін палатаның заңгерлері Рязань облысындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Егор Бурцевке жүгінді. Екі ел омбудсмендерінің ынтымақтаса атқарған жұмыстарының арқасында  «KAMETEХ» ЖШС арнайы рұқсатты уақытында алып, ауылшаруашылық техникасын межелі жерге кідіріссіз жеткізіп берді.

«Проблеманы тез арада шешуге көмек көрсеткендері үшін  екі елдің бизнес-омбудсмендеріне өте ризамыз. Олардың шапшаң әрекеттерінің арқасында біз жүктерді уақытында жеткізіп үлгердік. Және біз үшін бұл өте маңызды, өйткені жоғары сапалы қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектерді уақытылы жеткізу компанияның ажырамас бөлігі болып табылады», – дейді «KAMETEХ» ЖШС-нің директоры Айгүл Шұрманбаева.


 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер